jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Бәрін тоқтаттым": танымал астаналық мектеп директоры желідегі жазбасымен оқырманын алаңдатып қойды

Ақмоншақ Нұртаза
Ақмоншақ Нұртаза. Фото: instagram.com/aqmonshaq_nurtaza

TikTok-тағы видеоларымен танымал болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялап, оқырманын алаңдатып қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанадағы мемлекеттік мектептердің бірінде директор қызметін атқаратын Ақмоншақ Нұртаза желідегі түрлі видеоларымен танымал. Ол жақында желідегі парақшасында оқырманын алаңдатқан жазба жариялады.

"Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі",- деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Бұл жазбасын желі қолданушылары әртүрлі түсінген. Бірі директорлықтан кететіне сенбей, пранк десе, басқалары қызметін тастамауға шақырған, енді бірі оны депутат болады деп жорамалдаған.

"Неге? Сізді керемет ұстаз, директор деп көрсетіп жүр едім. Қайта келіңіз", "Депутат боласыз-ау", "Қысқасы – пранк", " Кетпеңіз! Сіз балаларға керексіз! Ата-аналарға керексіз! Мұгалімдерге үлгісіз! Сізді жақсы көріп қалдық", "Ал біз қолдаймыз! Алла денсаулық берсін, отбасыңа амандық! Басқасы - өткінші", "Ертеңгі күнің бүгінгіден де керемет болсын", - деп пікір қалдырды олар.

"Бәрін тоқтаттым": танымал астаналық мектеп директоры желідегі жазбасымен оқырманын алаңдатып қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.