jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Шымкентте қайтарылған активтер есебінен 300 орындық жатақхана салынып жатыр

жатақхана
Жатақхана. Иллюстрациялық фото: Scott Barbour / Getty Images

Шымкент қаласында қайтарылған активтер есебінен ерекше оқытуды қажет ететін оқушылар білім алатын колледж жатақханасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік нысан сөйлеу және т.б. кемістігі бар 300-ге жуық оқушыны заманауи жайлы жатын орынмен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жатақханада оқушыларға қажетті барлық жағдай жасалған медицина кабинеті, спортпен жаттығу, тынығу бөлмелері болады. Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғасын өру жұмыстары жүргізілуде.

Жобаны осы жылдың желтоқсан айында аяқтап, қалалық білім басқармасына тапсыру жоспарланған.

"Жобаны жүзеге асыру мерзімі мен құрылыс жұмыстарының сапасы бақылауда. Халықтың өмір сүруін жақсартуға тікелей әсер ететін жайлы жағдай жасау мақсатында қайтарылған активтерді ел игілігіне жұмсау жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

Шымкентте қайтарылған активтер есебінен 300 орындық жатақхана салынып жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.