jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алтын Орда ханының тұсында құйылған: Атырау қаласының маңынан көне күміс тиындар табылды (фото)

табылған көне тиындар
Табылған көне тиындар. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің археологтары орта ғасырлық көне күміс тиындарды тапты. Археологиялық қазба жұмыстары Атырау қаласы маңындағы "Ақтөбе-Лаэти" қалашығында жүргізілген, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, табылған көне тиындар Жошы Ұлысында құрылған Алтын Орда мемлекетінің билеушісі Меңгу-Темір хан тұсында құйылған ақшалар тобына жатады.

Ресейлік нумизматика профессоры монетаның бедерлі таңбаларын оқып, құндылығын аса жоғары бағалаған.

"Бұл тиындар белгілі нумизматик ғалым Павел Николаевич Петровтың пайымдауынша ХІІІ ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді. Құйма ақшаның бір бетінде Меңгу-Темір ханның таңбалары, екінші жағында Қытай иероглифтері бейнеленген. Оның себебі Шыңғысханнан тараған Құбылай ұрпақтары мен Шағатай ұлысы арасында қақтығыстарда қолға түскен саяси тұтқын Номуханмен байланыстырады", - дейді археолог Амангелді Мұғауұлы.

табылған көне тиындар
Табылған көне тиындар. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бұдан бөлек, қазба жұмыстары кезінде көрнекті артефакт "Тағара" ыдысы бүтін күйінде табылған.

табылған ыдыс
Табылған ыдыс. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында көшпелі сақтардың пышақтары табылғанын, сондай-ақ Алматы облысында сақ дәуіріне тиесілі алтын жүзік табылғанын жазған едік.

Алтын Орда ханының тұсында құйылған: Атырау қаласының маңынан көне күміс тиындар табылды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.