jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ІІМ алкоголь өнімдерін сатуға бақылауды күшейтуді ұсынды

Алкоголь таңдап тұрған ер адам
Алкоголь таңдап тұрған ер адам. Иллюстрациялық фото: standret/Getty Images

Ішкі істер министрлігі елімізде алкоголь өнімдерін сатуға бақылауды күшейтуді ұсынды. Бұл туралы Құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың айтуынша, қоғамдық орындарда алкоголь ішуге қатысты 107 мың құқықбұзушылықтың жолы кесілген. 11 мың адамға алкоголь қолдануға тыйым салынған.

"Қоғамда ішімдікке төзбеуді қалыптастыруға жұртшылық тартылуда. Қазіргі таңда 402 елді мекен алкогольден бас тартты", - дейді ол.

Сондай-ақ биыл полиция алкоголь айналымы саласында 7 мыңға жуық заңбұзушылықтың жолын кескен. Кәсіпкерлік субъектілеріне 370 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 2 252 нысан лицензиясынан айырылған.

ІІМ-нің мәліметінше, алайда кейбір кәсіпкерлер лицензияны басқа тұлғалардың атына рәсімдеп немесе барлардың атын жамылып, тәулік бойы алкоголь сатуын жалғастырып жатыр.

Осыған байланысты отырыста келесі ұсыныстар айтылған:

  • лицензия беруге қойылатын талаптарды күшейту;
  • алкоголь өнімдерін тек жұмыс уақыты шектеулі арнайы дүкендерде сатуды қарастыру.
ІІМ алкоголь өнімдерін сатуға бақылауды күшейтуді ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.