jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ұлттық ұлан сарбаздары өзін жайсыз сезінген астаналық жасөспірімге жедел көмек көрсетті

жасөспірімді арқалаған сарбаз
Жасөспірімді арқалаған сарбаз. Фото: Polisia.kz

Елордадағы "Астана Арена" спорт кешені маңында қызмет атқарып жүрген Ұлттық ұлан сарбаздары өзін жайсыз сезінген жасөспірімді байқап, оған алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиапорталдың жазуынша, патрульдеу кезінде 5573 әскери бөлімінің қатардағы сарбаздары Иманжүсіп Түменбаев пен Александр Баширов "Астана Арена" спорт кешені маңында басы айналып, жерге құлаған баланы байқап, дереу көмекке ұмтылған.

Сарбаздар баланы орнынан тұрғызып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейін анасына хабарласып, баланы көлікке дейін көтеріп апаруға көмектескен.

Айта кетейік, бұған дейін де ұландықтар "Астана Арена" стадионының жанындағы мерекелік концерт кезінде есінен танып қалған бірнеше көрерменге көмек көрсеткен еді.

Ұлттық ұлан сарбаздары өзін жайсыз сезінген астаналық жасөспірімге жедел көмек көрсетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.