jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақ ғалымдары ауыл шаруашылығы өнімдерін ұзақ сақтайтын инновациялық қондырғы жасап шығарды

қондырғыны ойлап тапқан ғалым
Жоба жетекшісі. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ауыл шаруашылығы өнімдерін ұзақ сақтайтын инновациялық қондырғы жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары фермерлік өнімдерді өңдеуге арналған "Dayar 20" атты мобильді лиофилизациялық қондырғыны жасап шығарды.

қондырғы
Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұзақ сақтайтын қондырғы. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бұл заманауи құрылғы ауылшаруашылық өнімдерін табиғи қалпында сақтап, олардың сапасын жоғалтпай, ұзақ уақытқа дейін тұтынуға мүмкіндік береді. Ең басты ерекшелігі – қондырғыны егіс даласына, бау-бақшаға немесе шалғай фермаларға апарып, өнімді сол жерде өңдей алуы.

"Лиофилизация немесе сублимациялық кептіру – бұл мұздатылған өнімнен суды төмен қысымда буландырып, оның табиғи құрылымы мен пайдалы қасиеттерін сақтап қалатын озық технология. "Dayar 20" қондырғысы арқылы кептірілген өнімдер дәмі, түсі, иісі, пішіні және құрамындағы дәрумендерімен бірге ұзақ уақытқа жарамды болып қала береді", - дейді жоба жетекшісі Ербол Ихсанов.

ауыл шаруашылығы өнімдері
Ауыл шаруашылығы өнімдері. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Оның сөзінше, қондырғы жеміс-жидектерді, көкөністерді, ет пен сүт өнімдерін, тіпті дайын тағамдар мен балыққа дейін жоғары сапада кептіре алады. Құрғақ өнімдерді арнайы тоңазытқышсыз бөлме температурасында бір жылдан үш жылға дейін, ал арнайы қаптамамен 10-50 жылға дейін сақтауға болады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, "Dayar 20" – фермерлер үшін сенімді көмекші ғана емес, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу саласын жаңғыртуға жол ашатын технологиялық серпіліс. Бұл құрылғы, әсіресе, таулы және шалғай аудандардағы шаруашылықтар үшін тиімді шешім. Инновациялық жобаны жүзеге асыру арқылы ҚазҰУ ғалымдары ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге нақты үлес қоспақ.

Қазақ ғалымдары ауыл шаруашылығы өнімдерін ұзақ сақтайтын инновациялық қондырғы жасап шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.