jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Тамызда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтіледі

құрғақшылық
Құрғашылық. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Тамызда еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, алдын ала есептеулер бойынша тамыз айында бірқалыпты құрғақшылық мына облыстардағы аудандарда күтіледі.

  • Батыс Қазақстан облысының Жаңғала, Қаратөбе аудандарында;
  • Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарында;
  • Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында;
  • Қарағанды облысының Ақтойғай, Шет аудандарында;
  • Абай облысының Аягөз, Үржар аудандарында;
  • Алматы облысының Балқаш, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарында;
  • Жетісу облысының Қаратал, Панфилов, Кербұлақ, Алакөл аудандарында;
  • Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында;
  • Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде;
  • Павлодар облысының Ақтоғай, Железинка аудандарында;
  • Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл, М.Жұмабаев аудандарында.

Елдің қалған аумақтарында ылғалдану деңгейі нормаға жуық болады деп күтіліп отыр.

Тамызда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.