jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда бет-әлпетті жабуға тыйым салынды: тыйым кімдерге қатысты

никабтағы әйел
Никабтағы әйел. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Қазақстанда 12 шілдеден бастап, қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейтін заң күшіне енді. Қазір полицейлер заңнамадағы өзгерістерді азаматтарға түсіндіріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құзырлы орган өкілдерінің түсіндіруінше, заңнамаға енгізілген өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде діни сенім бостандығын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың тұлғасын анықтау және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Қазір учаскелік инспекторлар бұл тыйымның кімдерге қатысты екенін азаматтарға түсіндіруде.

Полицейлердің хабарлауынша, тыйым адамның бет-жүзін толықтай жауып, тұлғасын анықтауға кедергі келтіретін киім түрлеріне қатысты. Мысалы бетперде, никаб.

Ал бет-әлпетті жаппайтын хиджаб, шейла, химар, аль-амира секілді киімдерға бұл норманың қатысы жоқ. Бұл тыйым ауа райы жағдайына, медициналық көрсеткіштерге байланысты қолданылатын киімдерге де қатысты емес.

  • Сондай-ақ бұл норма Қазақстан Республикасының заң талаптарын орындау;
  • қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді орындау;
  • азаматтық қорғау кезінде;
  • сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысатын адамдарға қолданылмайды.

Айта кетейік, бұған дейін ҚМДБ бет-әлпетті толық жабатын киімге қоғамдық орындарда тыйым салу туралы жаңа шектеулерге қатысты мәлімдеме жасаған еді.

Қазақстанда бет-әлпетті жабуға тыйым салынды: тыйым кімдерге қатысты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.