jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Францияда өткен физика олимпиадасында қазақстандық оқушылар бес медаль жеңіп алды

Жүлдегерлер
Жүлдегер оқушылар және олардың жетекшілері. Фото: t.me/oqu_agartu

Францияның Палезо қаласында өткен Физикадан халықаралық олимпиадада (International Physics Olympiad, IPhO-2025) ұлттық құрама бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, биылғы олимпиадаға 90 елден 400-ден астам дарынды оқушы қатысқан. Қазақстан бұл жолы да үздіктер қатарынан көрініп, екі күміс және үш қола медаль иеленді.

Күміс медаль иегерлері:

  • Әмірбек Азатбеков — Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Бекасыл Елубай — Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

Қола медаль иегерлері:

  • Әмір Пшенбаев — Астана қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
  • Нұргүл Егенбергенова — Астана қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Артур Ким — Астана қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Команданың ғылыми жетекшілері — PhD докторы, Сулейман Демирель университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев.

Оқу-ағарту министрлігі өкілдері оқушыларды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын лайықты марапаттарымен құттықтап, жаңа ғылыми жетістіктер мен жеңістер тіледі.

Айта кетейік, физикадан халықаралық олимпиада 1967 жылдан бері өткізіліп келеді және әлемдегі ең беделді пәндік жарыстардың бірі саналады (International Science Olympiads). Қазақстан IPhO олимпиадасына 1997 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама ондаған медаль жеңіп алып, дайындығы мен ғылыми әлеуетінің жоғары екенін дәлелдеп жүр.

Францияда өткен физика олимпиадасында қазақстандық оқушылар бес медаль жеңіп алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.