jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Lufthansa Қазақстанға рейстерін тоқтатады: көлік министрлігі түсініктеме берді

Lufthansa
Lufthansa. Фото: pexels.com

Еуропаның ең ірі әуе компанияларының бірі Lufthansa Қазақстанға рейстерін уақытша тоқтатады. Көлік министрлігі бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрлік мәліметінше, Lufthansa 2025 жылғы 26 қазаннан 2026 жылғы 29 наурызға дейін Қазақстанға рейстерді тоқтатады.

Министрлік бұған мынадай жайттар себеп болып отырғанын алға тартты:

  • әскери қақтығыстарға байланысты Ресейдің әуе кеңістігін айналып ұшу компания шығындарының артуына әкелді;
  • әуе кемелерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ жаңа ұшақтар мен қосалқы бөлшектердің жеткізілуінің кешігуі де әсер етуде. Қазіргі уақытта көптеген халықаралық әуе компаниясы тапсырыс берген әуе кемелерін уақытында ала алмауына байланысты өздерінің тасымалдау жоспарларын қайта қарап жатыр.
  • маусымдық жолаушылар ағынының төмендеу үрдісі көптеген әуе тасымалдаушысына тән.

"Сонымен қатар Астана менАлматы қалалары арқылы ұшу компанияның жеке шешіміне байланысты рейстердің жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында жалғасып жатқанын атап өтеміз", - деп қосты министрлік өкілдері.

Lufthansa Қазақстанға рейстерін тоқтатады: көлік министрлігі түсініктеме берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.