jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

БҚО-да кәмелетке толмаған 27 қыз жүкті болып қалған

Жүктілік
Жүктілік. Көрнекі сурет: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған 27 қыз жүкті болып қалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, олардың дені 17 жаста, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Төртеуі ауылдық жерде тұрады екен. Ойнаймын деп от басқан 9 қыз сәбиін аман-есен өмірге әкелген. Дәрігерлер ана мен баланың денсаулығы қалыпты десе де, ерте жүкті болу зиян екенін ескертеді. Өйткені толық жетілмеген жасөспірімнің ағзасы бала көтеруге дайын емес. Сондықтан жастардың жыныстық сауатын ашу керек дейді.

"Жастар денсаулығы орталығымен 2025-тің 6 айында 15 361 кеңес өткізілді. Бұл кеңестің барлығы келіп-кеткендер ғана емес, сонымен қатар мектептерге, оқу орындарына барып, ерте жүктіліктің алдын алу, отбасын жоспарлау, жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында жүргізіледі", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Айнагүл Нұрболатқызы.

БҚО-да кәмелетке толмаған 27 қыз жүкті болып қалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.