jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Тәуелсіздік алғаннан кейін 16,4 млн адам болды: Қазақстандағы халық саны қалай өзгерді

Қазақстан туын ұстаған жанкүйерлер
Қазақстан туын ұстаған жанкүйерлер. Иллюстрациялық фото: t.me/aqorda_resmi

Ұлттық сатистика бюросы Қазақстан аумағындағы халық санының XIX ғасырдың соңынан бері қалай өзгергені туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық сатистика бюросының мәліметінше, Ресей империясының 1897 жылғы алғашқы жалпыхалықтық санағының деректеріне сәйкес, кейінірек Қазақ АССР-інің құрамына енген жерлерде 4,3 миллион адам тұрған, олардың 3,5 миллионы қазақ болған.

Халық санының жылдар бойынша динамикасы төмендегідей:

  • 1913 жылы – 5,5 млн;
  • 1920 жылы – 5,4 млн;
  • 1922 жылы – 5,3 млн;
  • 1939 жылы – 6 млн;
  • 1959 жылы – 9,2 млн;
  • 1970 жылы – 13 млн;
  • 1979 жылы – 14,6 млн;
  • 1984 жылы – 15,6 млн.

Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1991 жылы Қазақстан халқының саны 16,4 миллион адам болған. Алайда көші-қон үдерістеріне байланысты 2000 жылы бұл көрсеткіш 14,9 миллионға дейін азайған.

2010 жылы халық саны қайтадан 16 миллион межесінен асып, 16,2 миллион адам болған.

2023 жылғы қарашада еліміздегі халық саны алғаш рет 20 миллионнан асқан. Ал 2025 жылғы 1 маусымдағы соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан халқының саны – 20,3 млн адам.

Тәуелсіздік алғаннан кейін 16,4 млн адам болды: Қазақстандағы халық саны қалай өзгерді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.