Туристерге Катонқарағай ұлттық паркіне кіруге уақытша шектеу қойылды
Опубликовано:
Катонқарағай ұлттық табиғи паркі аумағында жоғары өрт қаупіне байланысты уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды ұлттық парктің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Парк әкімшілігінің хабарлауынша, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 5-санаттағы өрт қауіптілігі жарияланған.
Осыған байланысты өрт қауіпсіздігі қағидаларының 17-тармағы, 9-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына шектеулер енгізілген.
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері Алматыда да 5-санаттағы өрт қауіптілігі жарияланған еді.
ТЖД мамандарының айтуынша, мұндай жағдайда кез келген ұшқын ірі өртке әкеп соғуы мүмкін.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2269953-turisterge-katonqaragai-ulttyq-parkine-kiruge-uaqytsha-shekteu-qoiyldy/