jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Полиция "Қайрат" - "КуПС" ойынының алдында алматылықтарға үндеу жасады

футбол матчы
Футбол матчы. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Алматы полициясы бүгін, 29 шілдеде өтетін "Қайрат" - "КуПС" матчына байланысты алматылықтарға үндеу жасап, қоғамдық тәртіпті сақтауға және полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынуға шақырады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық ПД-ның мәліметінше, УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі "Қайрат" (Алматы) және "КуПС" (Финляндия) командалары арасындағы матч кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 1,5 мың полиция қызметкері жұмылдырылады.

Матчты тамашалауға көптеген жанкүйер келеді деп күтілуде, осыған байланысты полицияның кешенді күштері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.

"Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және көлік қозғалысын реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Арнайы көлік құралдарының еркін қозғалысын қамтамасыз ету және көлік кептелістеріне жол бермеу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынов, Мұқанов және Сәтпаев көшелерімен шектелген аумақта автокөлік қозғалысына ішінара шектеу қойылуы мүмкін.

Алматы қалалық полиция пепартаменті, тұрғындарды бағыттарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынуға шақырады", - делінген хабарламада.

Полиция "Қайрат" - "КуПС" ойынының алдында алматылықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.