jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов үкімет отырысының қорытындысы бойынша брифингте күнтізбеге Энергетиктер күнін белгілеу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл сұрақты журналистер көтерді. Тілшілер мұндай кәсіби мерекенің күнтізбеде пайда болуы қаншалықты мүмкін екенін сұрады.

"Бүгінгі таңда біз Энергетиктер күні (белгілеу - ред.ескертпесі) бойынша жұмыс істеп жатырмыз, мәселе бұйрықты бекітуге қатысты. Жоба Әділет министрлігінде қаралып жатыр. Жақын арада келіссек, күнді бекітеміз, ол күн – 22 желтоқсан", - деді Асқар Биахметов.

Айта кетейік, былтыр Қазақстанда 1 маусым – "Балаларды қорғау күні" мемлекеттік мереке ретінде бекітілуі мүмкін екені хабарланды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған еді.

Еске сала кетейік, биыл тамызда қазақстандықтар үш күн демалатыны белгілі болды. Еліміздің азаматтары 30 және 31 тамыз күндерімен қоса, 1 қыркүйекте де демалып, үш күн қатарынан тыныға алады.

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.