jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Шымкентте жүргізуші куәліктерін заңсыз беру схемасы әшкереленді: 15 тұлға айыпталушы деп танылған

Жүргізуші куәлігін алып жатқан адам
Жүргізуші куәлігі алып жатқан адам. Иллюстрациялық фото: gov.kz

Шымкентте жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысты деген ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданған. Бұл туралы Шымкент қалалық прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Құзырлы органның мәліметінше, қала прокуратурасының үйлестіруімен Шымкент қаласы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кескен.

"2023-2024 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-ның №2 мамандандырылған ХҚКО басшылығы мен қызметкерлері теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәліктерін рәсімдеуге жағдай жасаған.

Мұндай "қызметтің" құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен.

Нәтижесінде кемінде 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған. Қылмыстық топтың табысы 150 миллион теңгеден асқан", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынған.

Іс бойынша 15 тұлға айыпталушы деп танылған. Тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданған.

Шымкентте жүргізуші куәліктерін заңсыз беру схемасы әшкереленді: 15 тұлға айыпталушы деп танылған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.