jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматыда жаңбыр, Шымкентте күн ыси түседі: алдағы үш күнде еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Алматыдағы жаңбыр
Алматыдағы жаңбыр. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның үш ірі қаласы бойынша "Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге қатысты ауа райы болжамымен бөлісті. 30 және 31 шілдеде, сондай-ақ 1 тамызда Алматы мен Астанада жаңбыр жауады. Ал Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Астана

  • 30 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Күндіз соққан желдің екпіні секундына 20 метрге дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде: +14...+16°C, күндіз: +22...+24°C.
  • 31 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман болады. Соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C, күндіз: +22...+24°C., күндіз: +20...+22°C.
  • 1 тамыз: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман болады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +20...+22°C.

Алматы

  • 30 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +30...+32°C.
  • 31 шілде: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +29...+31°C.
  • 1 тамыз: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +31...+33°C.

Шымкент

  • 30 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +34...+36°C.
  • 31 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 13 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +33...+35°C.
  • 1 тамыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +33...+35°C.
Алматыда жаңбыр, Шымкентте күн ыси түседі: алдағы үш күнде еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.