jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді: министрлік статистиканы жариялады

Жұмыс істеп жатқан жұмысшылар
Жұмысшылар. Иллюстрациялық фото: фото: Pexels.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде қанша шетел азаматы еңбек ететіні туралы жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 820 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 562 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 340 рұқсат (екінші санат).

Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 060 және 1 167 адам.

Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 874 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 817  адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 882 жұмыс беруші бар. Оларда 352 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 160 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2 902 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 347 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 178 адам.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 5 463 адам, Өзбекстан – 2 477 адам, Үндістан – 1 097 адам, Түркия – 1 071 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тарту үшін квота белгілейтінін және бөлетінін еске салды.

2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2 пайыз мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген, ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылған.

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді: министрлік статистиканы жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.