jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Үш адамды құтқарамын деп өзі де суға кеткен ақтаулықтың артында бес баласы қалды

Ерлан Шонтабаев
Ерлан Шонтабаев. Фото: Lada.kz

Суға батып бара жатқан екі қызды құтқарамын деп суға кеткен Ерлан Шонтабаевты Маңғыстау облыстық ТЖД марапаттады. Марқұмның артында 5 баласы қалған, деп жазады Lada.kz.

Басылымның дерегінше, Құрық ауылының тұрғыны 39 жастағы Ерлан Шонтабаев Ақтау маңындағы демалыс орындарының бірінде суға батып бара жатқан екі қызды құтқарамын деп көз жұмған. Оның жақындарына өңірлік ТЖД басшысының атынан алғыс хат табысталды.

"Ерлан Шонтабаев теңіз жағасында достарымен бірге демалған. Олар алкоголь ішпеген. Маңында тағы бір топ адам - екі қыз бен екі жігіт демалуға келген. Суға шомылуға барған қыздар суға бата жаздаған. Жігіттердің бірі көмектесу үшін суға секірген, ал екіншісі көмекке шақыра бастаған.

Көмек қажет екенін естіген Ерлан Шонтабаев еш ойланбастан суға секірген. Ол қыздарды құтқарып қалған, алайда жігітті құтқаруға ұмтылғанда, екеуі де суға кеткен", - деп мәлім еткен жақындары.

Ер адамның артында жолдасы мен бес баласы қалған. Ең кішісі - үш айлық. Құрық ауылында жігіттің жаназасы өтті. Құтқарушылар марқұмның отбасына көңіл айтып, оларға алғыс хат табыстады.

Үш адамды құтқарамын деп өзі де суға кеткен ақтаулықтың артында бес баласы қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.