"Ата-аналардың есепшоттарына аударылады": жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі
Опубликовано:
2025-2026 оқу жылының қарсаңында елімізде "Жалпыға бірдей білім беру" қоры аясында оқушыларды мектепке дайындау жұмыстары жүргізілуде. Биыл 500 мыңнан астам балаға қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, "Жалпыға бірдей білім беру" қоры жылдағы дәстүр бойынша жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына көмек береді.
Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар да назардан тыс қалмайды.
"Көмек ата-аналардың есепшоттарына аударылады, бұл оларға мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын өздігінен таңдауға мүмкіндік береді. 2025 жылы бір балаға берілетін ең төменгі сома көлемі – 46 228 теңге", - делінген хабарламада.
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету бойынша ашық әрі ыңғайлы тетік қалыптастырды. Бұл қолдау шарасы бүгінде барлық өңірде іске асырылып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2270775-ata-analardyng-esepshottaryna-audarylady-zhanga-oqu-zhyly-qarsangynda-zharty-million-oqushyga-komek-korsetiledi/