jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

СҚО-да толассыз жауынға байланысты республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Жаңбырлы күні көлік жүргізіп отырған ер адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: Pexels.com

СҚО-да республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"2025 жылғы 31 шілдеде сағат 13:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында толассыз жауын-шашын мен көлік қозғалысының қарқындылығына байланысты "Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының (0-30 км) Тимирязево ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскесінде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.

Балама бағыттар:

Қостанай қаласынан Тимирязев ауданына бару үшін келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдалануға кеңес беріледі:

  • KAZ03 "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (айналып өту) – РФ шекарасы (Қайрақ өткізу пункті)" – 553-768 км;
  • KAZ13 "Жезқазған – Арқалық – Петропавл" – 673-786 км;
  • KZ15-05 "Волошинка – Сергеевка – Тимирязево" – 56 -119 км.

Жолды 2025 жылғы 2 тамыз сағат 15:00-де ашу жоспарланған.

СҚО-да толассыз жауынға байланысты республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.