Алматыда түнде көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектеледі
Опубликовано:
Читать на русском
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр көшесіндегі учаскеде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
AlmatyJoly Telegram-арнасында хабарланғандай, Алматыда Қабанбай батыр көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады.
"Қабанбай батыр көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
31 шілде сағат 22:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Қастеев көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2270995-almatyda-tunde-koshelerding-birinde-kolik-qozgalysy-shekteledi/