jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматыдағы балалар үйіне қатысты шу: әкімдік "Бағанашыл" қызметкерлері қысқартылады деген ақпаратқа пікір білдірді

"Бағанашыл" балалар үйі
"Бағанашыл" балалар үйі. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігі "Бағанашыл" балалар үйінің қызметкерлері қысқартылады деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдік хабарламасына сай, бүгін Алматы қаласы мәслихатының депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитетінің, Алматы қаласы және Алматы облысы білім басқармаларының өкілдері "Бағанашыл" шағынауданындағы "Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау облыстық орталығы" КММ ұжымымен жеке кездесу өткізген.

"Кездесуде балалар үйінің жұмысына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Орталықтың қызметкерлеріне (педагогтарға) Алматы облысынан Алматы қаласы Басқармасына қарасты ұйымға ауыстырылып, еңбек құқығы сақталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек шарттары қайта рәсімделетіндігі және бұл жеке жазбаша келісім арқылы жүзеге асырылатыны жеткізілді.

Балалар үйі қызметкерлерін жұмыстан босату туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ "Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілері өз Орталығының аумағында тұра береді және Алматы қаласында білім алады. Балалардың қауіпсіздігін және оларға лайықты жағдай жасауды қамтамасыз ету — қала әкімдігінің және Оқу-ағарту министрлігінің басты басымдығы. Жағдай тұрақты бақылауда болады", - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.

Алматыдағы балалар үйіне қатысты шу: әкімдік "Бағанашыл" қызметкерлері қысқартылады деген ақпаратқа пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.