jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жаздың соңғы айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

Судағы қағаз қайық
Жаздағы жаңбыр суы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" мамандары Қазақстан бойынша жаздың соңғы айына арналған консультативті ауа райы болжамын ұсынды. Тамызда еліміздің көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синопотиктердің болжауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміз бойынша жаңбыр, найзағай, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ оңтүстік-шығыс пен шығыс таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.

Айдың бірінші онкүндігінде:

Батыс және оңтүстік-батыс өңірлерде түнгі ауа температурасы +18…+28°С-тан +13…+20°С-қа дейін, күндізгі температура қатты ыстық +33…+41°С-тан +25…+33°С-қа дейін төмендейді;

Солтүстік-батыс өңірлерде түнгі температура +7…+20°С-тан +13…+28°С-қа дейін көтеріледі, күндіз ауа температурасы +21…+35°С пен +27…+38°С аралығында ауытқиды;

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі температура +5…+13°С-тан +12…+20°С-қа дейін, күндіз +15…+22°С-тен +25…+35°С-қа дейін көтеріледі;

Оңтүстік өңірлерде түнгі ауа температурасы +10…+17°С-тен +18…+25°С-қа дейін, күндіз +28…+38°С-тен қатты ыстық +33…+40°С-қа дейін жоғарылайды.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде "температуралық тербеліс" байқалады – ыстық күндер салқын әрі жауын-шашынды күндермен алмасып отырады.

Негізгі температуралық фон:

Батыс өңірлерде түнде +11…+17°С, күндіз +21…+27°С, кей күндері түнде +18…+26°С-қа дейін, күндіз +28…+35°С-қа дейін көтеріледі, ал Маңғыстау облысында +40°С-қа дейін жетуі мүмкін;

 Солтүстік және шығыс өңірлерде түнде +4…+10°С-тен +12…+18°С-қа дейін, күндіз +16…+23°С пен +24…+32°С аралығында ауытқиды;

 Орталық пен оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде +6…+13°С-тен +15…+20°С-қа дейін, күндіз +19…+28°С пен +28…+36°С аралығында;

 Оңтүстік өңірлерде кей күндері күндізгі температура +33…+42°С-қа дейін көтеріледі.

Жаздың соңғы айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.