jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда "үй жанында орналасқан дүкендердегі" бағаларды бақылау күшейтіледі

Азық-түлік дүкені
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда "үй жанындағы дүкендердегі" бағаларды бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда бағаларды бақылауды күшейтуге және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған шаралар іске асырылып жатыр.

"Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15 пайыз сауда үстемесін бақылауды күшейтуге көшеміз. Сонымен қатар тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын талдау модулі іске асырылып жатыр", - деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев үкімет отырысында.

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Ваучер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сауда үстемесіз бағасына сатып алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында 5 мыңға жуық атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатысуымен өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстанда "үй жанында орналасқан дүкендердегі" бағаларды бақылау күшейтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.