jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Маңғыстауда екі қызды құтқарамын деп өзі суға кеткен бес балалы әкенің отбасына пәтер берілді

Ерлан Шонтабаев
Ерлан Шонтабаев. Фото: Lada.kz

Маңғыстауда екі адамның өмірін құтқарып, өзі суға кеткен Ерлан Шонтабаевтың отбасына пәтер берілді. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін, 6 тамызда екі адамның өмірін құтқарып өзі суға кеткен Ерлан Шонтабаевтың отбасына Ақтау қаласынан жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Қоныстануға дайын тұрған пәтер құрылыс компаниясының демеушілігімен берілді. Сонымен қатар демеушілердің есебінен марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетілді", - делінген әкімдік таратқан мәліметте.

26 шілде күні Ерлан Шонтабаев Ақтау қаласынан шамамен 30 шақырым қашықтықта орналасқан шомылуға арналмаған жағажайда суға батып бара жатқан екі қызды аман алып қалған.

Сондай-ақ өзімен бірге көмекке ұмтылған тағы бір азаматты құтқаруға тырысқан сәтте, қатты толқынның салдарынан өзі суға батып кеткен.

Маңғыстауда екі қызды құтқарамын деп өзі суға кеткен бес балалы әкенің отбасына пәтер берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.