jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар

Адамдар
Адамдар. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Биыл ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Елімізде Абай есімді 18 763 адам тұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, бұл есім иелерінің көбі Астана қаласы (2 089 адам), Түркістан облысы (2 018) және Алматы қаласында (1 719) тұрады.

Абай есімді ең егде тұрғын 1932 жылы дүниеге келген. Бұл есім ең көп таралған жас тобы – 30-34 жас аралығындағылар, олардың саны – 3 228 адам. Биылғы бірінші жарты жылда туған 157 нәрестеге Абай есімі берілген.

Бұл есім қыз балаларға да қойылған, Қазақстанда Абай есімді 10 әйел тіркелген. Ал Ибраһим (Ибрагим, Ибрахим) есімді азаматтардың саны елімізде 35 404 адам.

Ақынның құрметіне елімізде 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауылға ұлы тұлға есімі берілген.

Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.