jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Таза Қазақстан – таза болашақ: Ақтөбедегі Ретро саябағында тазалық жұмыстары жүргізілді

Таза Қазақстан - таза болашақ
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

7 тамызда Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Заң және тәртіп" идиялогиясы аясында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін "Таза қазақстан" экологиялық акциясы аясында Ретро саябағында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – қала жастарының бойына патриотизмді насихаттап, табиғатты аялауға, қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Туған жеріміздің тазалығына өз үлестерін қосу.

Таза Қазақстан - таза болашақ
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Тазалық шарасына 70 жуық белсенді қала жастары, волонтерлар және "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары мен орталық мамандары қатысып, 100 қапқа жуық қоқыс шығарды.

Таза Қазақстан - таза болашақ
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Қаланың тазалығы – ортақ абырой. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу белсенді жастардың назарынан тыс қалған емес. Ақтөбе қаласының жастары еліміздің барлық жастарын шақырады.

Таза Қазақстан - таза болашақ
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Таза Қазақстан – таза болашақ: Ақтөбедегі Ретро саябағында тазалық жұмыстары жүргізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.