jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда ажырасу тәртібі өзгереді: заңға толықтырулар енгізілді

неке жүзігін шешіп жатқан адам
Неке жүзігі. Иллюстрациялық фото: Karl Tapales/Getty Images

Биыл 16 қыркүйектен бастап елімізде неке бұзу тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Kazinform.

2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 

Атап айтқанда аталған кодекстің 17-бабының 2-тармағына жаңа тармақша енгізілді:

"Егер ерлі-зайыптының біріне құзырлы органдар халықаралық іздеуге жарияласа, сот санкциясымен халықаралық іздеу мерзімі 3 жыл толғаннан кейін неке бұзылады", - делінген құжатта.

Осыған ұқсас толықтыру некені сот арқылы бұзу тәртібін реттейтін кодекстің 238 және 241-бабына да енгізілген.

"Егер жұбайы ұзақ уақыт бойы жасырын жүріп, халықаралық іздеуде болса, екінші тарап оның қатысуынсыз сотқа жүгініп, некені ресми түрде бұза алады", - деп түсіндірілген.

Қазақстанда ажырасу тәртібі өзгереді: заңға толықтырулар енгізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.