jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Таразда ондаған үйді су басты: әлдекім су қоймасының шлюзін ашып жіберген

Су басқан аулалар
Су басқан аулалар. Видеодан кадр: instagram.com/taraz_life/

Тараз қаласында белгісіз адамның рұқсатсыз "Зербұлақ" көліне тиесілі шлюзді ашуы салдарынан суармалы каналдарға шамадан тыс су кеткен. Соның салдарынан бірнеше көше су астында қалды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақпарат агенттігі тілшісінің хабарлауынша, оқиға 7 тамызда кешкі сағат 20:35 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз біреу суару каналына шлюзді ашып жіберген. Соның салдарынан қаладағы Достоевский, Жуанышев, Ұлбике ақын көшелеріндегі аулалар мен Ниетқалиев және Бөлтірік шешен көшелеріндегі кейбір үйлерді су басқан.

"Көршілеріміздің үйінде су 30 сантиметрге дейін көтерілді. Біздің де үй мен моншамызға су кіріп кетті", - дейді зейнеткер Светлана Геринг.

Әкімдіктің агенттікке берген мәліметінше, барлығы 30 тұрғын үйдің ауласын және 2 жертөле бөлмесін су басқан. Дегенмен үйлердің ішкі бөлмелеріне су кірмеген.

Төтенше жағдай жедел түрде бақылауға алынды. Алдымен шлюздер жабылып, су ағыны тоқтатылды. Кейін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен "Жамбыл-Су"мекемесінің қызметкерлері су тарту жұмыстарына кірісті. Барлығы 25 маман жұмылдырылды және 12 техника, оның ішінде 5 мотопомпа қолданылды.

Таразда ондаған үйді су басты: әлдекім су қоймасының шлюзін ашып жіберген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.