42 градус ыстық, қатты жаңбыр: сенбі күні елімізде күн райы қандай болады
Опубликовано:
9 тамыз, сенбіде еліміздің көп бөлігінде қатты ыстық ауа райы сақталады. Орталық және Шығыс Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қызылорда облысында күндіз +37-42°С қатты ыстық сақталады. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады. 9-13 тамызда Жамбыл облысында күндіз +34+39°С қатты ыстық күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында ауа температурасы күндіз +32-37°С-тан +34-39°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, бұршақ.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с Павлодарда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Өскеменде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 09 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2273451-42-gradus-ystyq-qatty-zhangbyr-senbi-kuni-elimizde-kun-raiy-qandai-bolady/