jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Алматы облысында Абайдың 180 жылдық мерейтойы аталып өтті

Абай ескерткішіне гүл шоғын қою
Абай ескерткішіне гүл шоғын қою. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысында ұлт ұстазы Хәкім Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында өңірдің 119 мәдениет үйі мен 144 кітапханасы, 15 музейінде жыл басынан бері 30 мыңға жуық адамның қатысуымен 146-ға тарта кездесу, концерт, көрме және әдеби акциялар ұйымдастырылды.

10 тамыз күні Қонаев қаласындағы Абай ескерткіші алдында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаған облысымыздың зиялы қауым өкілдері гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.Өңір басшысы құттықтау сөз сөйлеп, артынан облыс өнерпаздары ұлы ақынның әндерін орындады.

Мерейтойлық бағдарламада Алматы облысының ерекше сыйы да орын алды. Ұлы ақынның 180 жылдығына орай Алматы облысы Абай еліне «Алтын адам» мүсінін тарту етеміз. Бұл қадам – құрмет пен достықтың белгісі, сондай-ақ екі өңір арасындағы рухани байланысты нығайтудың басты символы болады.

Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев
Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Абай облысында мерейтойға орай Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Секен Тұрысбековтің жетекшілігімен «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі және Алматы облысының әртістерінің қатысуымен «Абай жолы» атты үлкен рухани концерт берді. Бұл шара көрермендер үшін ұлы ақын шығармашылығы әлеміне жасалған үлкен рухани саяхатқа айналды.

Алматы облысы әкімдігі
Фото: Алматы облысы әкімдігі

"Абай – қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлем тамсана қарайтын ұлы тұлға. Оның сөзі бүгінде бар халықты шабыттандырып, кемелдендіреді. Біз алдағы уақытта да Абай шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттай береміз", - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Алматы облысы әкімдігі
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысында Абайдың 180 жылдық мерейтойы аталып өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.