ШҚО-дағы жолдардың бірінде екі ай көлік қозғалысы шектеледі
Опубликовано:
ШҚО-да "Өскемен – Рахман қайнары" автожолының 437–450 шақырым аралығындағы учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Компания мәліметінше, 2025 жылғы 20 тамыз бен 30 қазан аралығында республикалық маңызы бар KAZ16-01 "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" автомобиль жолының 437–450 шақырым аралығындағы учаскесінде көлік құралының барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
"Бұл шара таулы аймақтағы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын қиыршық тасты жолда (ені 5 метр) орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қабылданды. Учаскенің бір жағында жартасты жоталар, екінші жағында тік жар орналасқандықтан, айналма жол немесе кері бағыттағы қозғалысты ұйымдастыру мүмкін емес", - делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстары аясында:
- кювет пен терең дренаждар орнатылады;
- 17 темірбетон құбыры және 3 су өткізу нысаны салынады;
- күрделі бөліктерде гидробойка қолдана отырып, жол төсемі кеңейтіледі.
Жөндеу жұмыстары барысында тас құлауы мүмкін, сол себепті қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз мақсатында шектеу енгізіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2273907-shqo-dagy-zholdardyng-birinde-eki-ai-kolik-qozgalysy-shekteledi/