Республикалық форумның қатысушылары "TROYA" ЖШС-на барды
Опубликовано:
11 қыркүйекте Республикалық жастар форумы бағдарламасы аясында 14 қатысушы "TROYA" ЖШС-на барды. Экскурсияны ұйым өкілдері мен кәсіпорын мамандары сүйемелдеді, деп хабарлайды Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму орталығы.
Сапар барысында делегаттарға Қазақстандағы мектеп және кеңсе жиһаздарын өндіруші жетекші компаниялардың бірі болып табылатын кәсіпорынның қызметі туралы ақпарат берілді. Қатысушылар парта, орындық, шкаф, компьютер үстелі және өзге де оқу жиһаздарын дайындау өндірістік желілерімен танысты.
Қонақтарға бөлшектерді дайындаудан бастап дәнекерлеу, бояу, құрастыру және дайын өнімді қаптауға дейінгі толық өндіріс циклі көрсетілді. Ерекше назар заманауи жабдықтар мен санитарлық және эргономикалық талаптарға сай жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін технологияларға аударылды.
Сондай-ақ қатысушыларға жиһаздың беріктігін арттыруға бағытталған жаңашылдықтар мен материалдарды ұтымды пайдалану және өндірістік қалдықтарды азайту шаралары туралы ақпарат берілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2274552-respublikalyq-forumnyng-qatysushylary-troya-zhshs-na-bardy/