jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан ер адам ұсталды

Күдікті
Күдікті. Фото: Polisia.kz

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды. Азамат желіде хабарландыру жариялап, екі адамды алдап соққан, деп ІІМ-нің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы ПД-ның киберқылмыстарға қарсы күрес басқармасы, Бостандық ауданының полицейлерімен бірлесе отырып, Дженнифер Лопестің концертіне жалған билеттер сатты деген күдікке ілінген азаматты ұстады.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ер адам желіде хабарландыру жариялап, шараға екі жалған билет сатқан.

"Заң мен тәртіп" қағидаты бізден мұндай деректерге жедел әрекет етуді талап етеді. Азаматтардың ақшасын алдау жолымен иемденуге тырысқан адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Осындай жағдайларға тап болмас үшін билеттерді тек ресми сайттардан немесе сенімді кассалардан сатып алуды қатаң түрде ұсынамыз, – деді ПД өкілдері.

Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Алматыда Дженнифер Лопестің концертіне жалған билет сатқан ер адам ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.