jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

KAZ Minerals Жастар күні мерекесіне және Жұмысшы мамандықтар жылына арналған көрмеде бірегей қауіпсіздік жүйесін таныстырды

KAZ Minerals Бозшаколь
Фото: Артем Клеван

Павлодарда өткен іс-шарада KAZ Minerals қызметкерлері карьерде жұмыс істейтін жүк көлігі жүргізушілерінің жүздері мен дене қимыл-қозғалысын бақылайтын жүйе жұмысын көрсетті. Сонымен қатар көрмеде өндірілген кен үлгілері таныстырылды. Жиында жас павлодарлықтар мен премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев қонақ болды, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Павлодардың орталық жағалауында ұйымдастырылған аталған көрме республикалық ауқымды жастар форумының аясында өтті. Шара барысында өз жұмыстары туралы айту үшін келген ондаған кәсіпорын арасында KAZ Minerals Бозшакөл кәсіпорны да болды. Көрме қонақтарына карьерлерде арнайы техниканың көмегімен өндірілетін минералдар және жүкті өзі төгетін жүк көліктері жүргізушілерінің жұмысында қолданылатын бірегей қауіпсіздік жүйесімен танысуға мүмкіндік туды.

Образцы KAZ Minerals Бозшаколь
Фото: Артем Клеван

"Жүйе компьютерлік бақылаумен жасақталған, үнемі адамның жүзі мен басының қозғалысын қадағалайды. Компьютер адам жанары 3 секундтан артық уақытқа жұмылғанын түсінгенде вибромотор іске қосылады. Көлік жүргізушісінің басы оңға немесе солға 3 секундтан артық бұрылып, жолға қарамаса дыбыстық хабарлама іске қосылады. Бұған жүргізуші жауап бермеген жағдайда диспетчерлерге хабар жіберіліп, тиісті шара қолданылады. Жүргізушіге жұмысты тоқтатып, демалуға мүмкіндік беріледі", - дейді KAZ Minerals Бозшакөл автопаркін басқару жүйесінің инженері Азамат Рамазанов.

Водитель KAZ Minerals Бозшаколь
Фото: Артем Клеван

Компания қызметкерлері карьерде қолданылатын жүк көлігі жүргізушілерінің жұмысы бірсарынды болуы себепті де аталған қадағалаушы жүйенің іске қосылғанын айтады. Қолданысқа енгеніне үш жыл болған технология өзін жақсы жағынан көрсетуде. Соның арқасында жұмыстан алаңдау жағдайы мүлдем жойылды деуге болады.

Флотомашина KAZ Minerals Бозшаколь
Фото: Артем Клеван

Көрмеде кәсіпорын ұсынған технологияларымен ҚР премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев және Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов танысты. "Механобр-техника" флотомашинасының шағын нұсқасы вице-премьердің ерекше қызығушылығын туғызды.

"Біз минералды өндіргенде оның ең құнды бөлігін алғымыз келеді. Бұл құрылғы мыс минералдарын бос қазбадан ажыратып алу жұмысын жеңілдетеді. Көрмеде оның шағын нұсқасы қойылған. Кәсіпорында мұндай техниканың 20 жуығы бар", - дейді KAZ Minerals Бозшакөл компаниясының зерттеу жөніндегі технолог-маманы Серік Түсіп.

Сотрудники KAZ Minerals Бозшаколь
Фото: Артем Клеван

KAZ Minerals Бозшакөл кәсіпорнында жұмыстың 90 пайызы автоматтандырылғанын атап өту керек. Мұнда еңбек қауіпсіздігіне баса көңіл бөлініп, жастарға жақсы жағдай жасалады.

"Қазіргі таңда карьерде 79,6 млн тонна тау жыныстары өндірілуде, оның 36 млн сульфидті, 6 млн тотыққан кен. Кеніштің жалпы қоры миллиард тоннадан асатындықтан бұл кен орнын 2059 жылға дейін игеруге мүмкіндік бар. Біздің тау-кен байыту комбинатымызда 2 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Мұнда карьерден фабрикаға дейінгі түрлі сала қамтылған. Сонымен қатар тәжірибеден өту бағдарламасы бар. Біз бүкіл республика бойынша техникалық жоғары оқу орындарында білім алған жас мамандарды қабылдаймыз. Олар бізде тәжірибеден өтіп, жұмыста қалады", - дейді KAZ Minerals Бозшакөл карьері өндірістік қызметінің басшысы Нұрлан Бакилов.

Павлодар жағалауында өткен көрмеде көптеген жас KAZ Minerals Бозшакөл компаниясына қызығушылық танытып, кәсіпорында жұмыс істеу мүмкіндігі өздері үшін тартымды екенін атап өтті. Көрме жас мамандарды жұмысқа тарту үшін тамаша алаң болды.

KAZ Minerals Жастар күні мерекесіне және Жұмысшы мамандықтар
жылына арналған көрмеде бірегей қауіпсіздік жүйесін таныстырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.