jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

"Білім алудың ерте-кеші жоқ": 85 жастағы әжей ҰБТ тапсырмақ болды

Нұрихан апа
Нұрихан апа. Фото: Ұлттық тестілеу орталығы

Алматы қаласында өткен тамыз айындағы ҰБТ-ға ерекше қатысушы 85 жастағы Нұрихан апа келді. Ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ана, жастық шағында қол жетпеген арманын енді орындамақ болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрихан апа көптен бергі арманын орындап, университетке түсу үшін ҰБТ тапсырып көруді шешкен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Тестілеу күні әжейге балалары қолдау білдіріп келген. Емтихан басталар алдында Нұрихан апа талапкерлерге ақ батасын беріп, "Оқу мен білімге ұмтылу – ешқашан кеш емес" екенін жүрекжарды тілегін жеткізді.

Алайда бұл жолы әжей тестілеуді өте алмаған. Оған компьютермен жұмыс істей алмайтыны кедергі болған.

"Бұл жолы компьютермен жұмыс істеу дағдысының жоқтығы тест тапсыруға кедергі болды. Дегенмен, Нұрихан апа компьютерді үйреніп, келесі жылы қайта келуге ниетті екенін айтты. Нұрихан апаға мықты денсаулық, табыс және жігер тілейміз", - делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында.

"Білім алудың ерте-кеші жоқ": 85 жастағы әжей ҰБТ тапсырмақ болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.