jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Сотта Руслан Берденовке қалай қастандық жасалғаны көрсетілді (видео)

Руслан Берденов
Руслан Берденов. Фото: instagram.com/ruslan_berdenov

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтті. Бүгін сотта қылмыс орнынан бейнежазбалар көрсетілді, деп хабарлайды КТК.

Сот залында оқиға орнынан видео және тәркіленген айғақтар көрсетілді. Дәлелдер ретінде ұялы телефон, «Сайга» қаруының қаптамасы, кобура және оптикалық көздеуіш ұсынылды.

Сондай-ақ сотта әкімдіктегі бейнебақылау камераларынан Ернар Жиембайдың ұсталған сәті де көрсетілді. Видеодан күдіктінің жаяу жүргіншілер өткелі маңында ұсталғанын байқауға болады. Ұстау операциясына полиция қызметкерлері және Руслан Берденовтің әріптестері қатысқан.

Оған қоса бейнежазбалардан Руслан Берденовтің әкімдік ғимаратынан шығып келе жатқан сәті көрсетілді. Ол ғимараттан шығап, көлігіне қарай бет алады. Сол сәтте оған Ернар Жиембай жедел жақындайды. Берденов шегінуге тырысқанымен, бірнеше секундтан кейін Жиембайдың қасына бір көлік келіп тоқтап, ішінен жүргізуші шығады. Осы сәтте күдікті жерге құлайды.

Айта кетейік, сот отырысына Руслан Берденов әлі қатысқан жоқ. Ол тек толық емделіп болған соң ғана сот залына келетінін мәлімдеді.

Дереккөз: КТК.

Сотта Руслан Берденовке қалай қастандық жасалғаны көрсетілді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.