"Елордалықтар наразы": Астанада марафондар санын қысқартады
Опубликовано:
Астанада өтетін жүгіру марафондарының саны азайтады. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жергілікті халықпен кездесу барысында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ірі спорттық шаралар санының азаюына қала тұрғындарының наразылығы себеп болып отыр. Жергілікті халық әр демалыс сайын орталық көшелердің жабылуы қолайсыздық тудыратынын айтып шағымдануда.
Қала басшысы бұл тұрғыда халыққа қолдау білдіріп, көшелердің жабылуына өзі де қарсы екенін жеткізді. Жеңіс Қасымбек енді жыл сайын өткізілетін марафондар саны азайып, оларды қала сыртында өткізу жоспарда бар екенін хабарлады.
"Алдағы уақытта мұндай ауқымды жүгіру жарыстары жылына бірнеше рет қана өтетін болады. Әр жексенбіде Түркістан, Ақмешіт, Қонаев көшелерін жабу дұрыс емес. Көпшілік оған наразы. Сондықтан енді марафондарды барынша айналма жолдарға, велосипед жолдары мен басқа да тротуарларға көшіреміз. Белгілі бір жоспарлар бар", - деді әкім.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2275350-elordalyqtar-narazy-astanada-marafondar-sanyn-qysqartady/