jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жапония Семей ядролық полигонынан зардап шеккендерге 4 млрд теңге бөледі

Жапония туы
Жапония туы. Көрнекі фото: Benjamin Kaikinger / EyeEm / Getty Images

Жапония Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан зардап шеккендерге 4 млрд теңге бөледі. Бұл қомақты қаражатқа Семей медицина университетінің госпиталіне диагностикалық және емдеу аппараттары  алынады, деп хабарлайды 24KZ.

Мамандар заманауи жабдықтармен дертті ерте анықтауға болатынын айтады. Зардап шеккен тұрғындарға медициналық қызмет те тегін көрсетіледі.

Телеарна мәліметінше, жалпы 1949–1991 жылдар аралығында Абыралы өңірінде 497 ядролық жарылыс болған. Абай өңірінде полигоннан нақты қанша адам зардап шеккені белгісіз. Алайда өңір халқы радиацияның әсерін әлі күнге сезіп келеді. Біраз адам ем-шараны Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтында қабылдап жүр.

Радиоактивті сәулелер онкологиялық, жүрек дерті мен тұқым қуалайтын аурулардың көбеюіне әкелді. Ал жаңадан ашылатын медициналық орталықта жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары, соның ішінде инсульттің алдын-алып, ем жүргізеді дейді орталық өкілдері.

"Бұл грант аясында магниттік-резонанстық томограф, компьютерлік томограф және басқа да 11 түрлі медициналық құрылғы орнатылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктері деңгейінде келіссөздер жүргізілуде. Аталған медициналық техника Университеттік госпиталь базасында инсульт орталығын ашу мақсатында пайдаланылады", - дейді Семей Медицина университетінің ректоры Алтай Дюсупов.

Бұл бастаманы өңірде "Комитет Полигон-21" қоғамдық бірлестігінің өкілдері де қолдап отыр. Айтуынша, Жапония тарапынан жасалатын бұл қолдау зардап шеккен халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

"Әрі қарай біз бірігіп қызмет жасаймыз деп ойлаймын. Алға қойған мақсат енді сол заңға өзгерістер енгізіп, халықтың әлеуметтік жағдайын, медицина жағдайын, экологиямызды дұрыстауға соған қызмет жасау. Болашақта осымен жұмыс істейміз. Барлық қажетті  құжат рәсімделіп, арнайы орталық ашылғаннан кейін, жабдықтар алынады", - дейді "Комитет полигон-21"  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Құрманбай.

Медицина университетінің өкілдері бұл жұмысты 2026 жылдың соңына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отыр. "Комитет полигон-21" қоғамдық бірлестігі мен жергілікті билік өкілдері кешенді жұмыс жоспарын әзірлейді. Осы арқылы жарылыстың зардабын шеккендердің нақты санын анықтамақ.

Жапония Семей ядролық полигонынан зардап шеккендерге 4 млрд теңге бөледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.