Костенко шахтасындағы апат: айыпталушыларға сот үкімі шықты
Опубликовано:
Қарағандыда Костенко шахтасындағы 46 кеншінің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Сотталушылар 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттіктің хабарлауынша, 10 айыпталушыға да бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі бойынша:
- Костенко шахтасының директоры Сергей Мустивко - 8 жылға;
- Өндіріс бойынша директордың орынбасары Вадим Ерёмин - 7 жылға;
- Бас инженер Николай Грознов - 7 жылға;
- №6 учаскенің бастығы Виктор Коптенков - 7 жылға;
- Бас инженердің үңгілеу жөніндегі орынбасары Владимир Гонноченко - 6 жыл 6 айға;
- Бас инженердің қауіпсіздік техникасы жөніндегі орынбасары Дмитрий Федоренко - 6 жылға;
- Желдету және қауіпсіздік техникасының бастығы Владимир Шишканов - 5 жылға;
- Бас механик Дмитрий Коцар - 6 жылға;
- Желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің шаң жарылысынан қорғау жөніндегі бастығының көмекшісі Виталий Пестряк - 6 жылға;
- Конвейерлік көлік учаскесінің бастығы Тулеген Габдушев - 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2275764-kostenko-shahtasyndagy-apat-aiyptalushylarga-sot-ukimi-shyqty/