jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Петропавлда жауыннан кейін көшелерді су басты: құтқару қызметіне 100-ден аса қоңырау түскен

Петропавл көшелерін су басты
Петропавл көшелерін су басты. Видеодан кадр: Instagram/obovsemsko

Петропавлда сағаттап жауған жауыннан кейін қала көшелерін су басып, тұрғындарды әбігерге салды. Жергілікті халық баспаналарына су кіргенін айтып, желіде видео жариялауда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нөсер жауыннан кейін 112 құтқару қызметіне тұрғындардан 100-ден астам қоңырау түскен. Қазіргі уақытта Петропавл құтқарушылары су сорғызу жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруда.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-нің мәліметіне сәйкес, бұл жұмыстарға 18 мотопомпа мен 36 қызметкер жұмылдырылған. Оған қоса, оларға тұрғындар мен ұйымдар да көмектесіп жатыр.

Сонымен қатар, су сорғызу жұмыстарына атқарушы органдардан 6 кәріз бен 25 мотопомпа беріліп, 30 қызметкер атсалысуда.

ТЖМ құтқарушылары әлеуметтік желілердегі хабарламаларды да бақылап, тұрғындардың шағымына жедел әрекет етіп жатыр.

Петропавлда жауыннан кейін көшелерді су басты: құтқару қызметіне 100-ден аса қоңырау түскен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.