jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанада жылу батареясына қыстырылып, шыға алмай қалған балақай құтқарылды

Аяғы қыстырылып қалған бала
Аяғы қыстырылып қалған бала. Фото: ТЖМ

Астанада батареяға аяғы қыстырылып қалған балаға құтқарушылар көмегі қажет болды. Баланың жағдайы бүгінде жақсы, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған. Үш жасар ұл баланың аяғы абайсызда жылу батареясының арасына қыстырылып қалып, ол өз бетінше аяғын шығара алмаған.

"Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар келіп, гидравликалық құралдарды қолданып, баланың аяғын босатты", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Абырой болғанда, бала зардап шеккен жоқ және оған медициналық көмек қажет болмады.

Астанада жылу батареясына қыстырылып, шыға алмай қалған балақай құтқарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.