jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы облысында кәсіпкер Есік көліне кіреберісте көліктерден заңсыз төлем алып келген

Есік көлі
Есік көлі. Фото: gov.kz

Алматы облысы әкімдігі Есік көліне кіреберісте туристерден төлемақы алынуына қатысты шағым түсуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Есік көлі "Хабель" ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілген. Алайда келісімшартқа сәйкес туристерден төлемақы алу қарастырылмаған.

"Басқарушының мұндай әрекеттері оның өкілеттігінен тыс әрі шарт талаптарын бұзады. Көліктерден алынатын төлемақы тек Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында заңнамаға сәйкес белгіленген. Облыс әкімдігі "Хабель" ЖШС-не заңсыз төлемақыны тоқтату және орнатылған шлагбаумдарды алып тастау туралы хабарлама жолдады", - делінген хабарламада.

17 тамыздан бастап Есік көліне кіреберістегі шлагбаумдар алынды.

Алматы облысында кәсіпкер Есік көліне кіреберісте көліктерден заңсыз төлем алып келген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.