jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда бірнеше бағыт бойынша пойыз билеттеріне 40 пайызға дейін жеңілдік жарияланды

Жолаушылар пойызы
Фото: instagram.com/railways.kz

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы кейбір бағытта теміржол билеттерін 40 пайызға дейін арзан сатып алуға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттеріне 40 пайызға дейінгі күзгі жеңілдіктер ұсынатынын хабарлады.

Компания мәліметінше, жеңілдіктер 2025 жылдың 22 қыркүйегінен 23 қазанына дейін қолданылады. Осы кезеңде жолаушылар 7 бағыт бойынша билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

  1. № 9/10 "Астана – Алматы", вагон түрі: отыратын (2С). Жеңілдік: отыратын орындарға 40 пайыз.
  2. № 65/66 "Астана – Жезқазған", вагон түрі: турист (2Д). Жеңілдік: купелік орындарға 25 пайыз.
  3. № 67/68 "Астана – Өскемен", вагон түрі: турист (2Д). Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30 пайыз.
  4. № 77/78 "Алматы – Маңғыстау", вагон түрі: купе (2К). Жеңілдік: үстіңгі орындарға 25 пайыз.
  5. № 351/352 "Алматы – Өскемен", вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У). Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30 пайыз.
  6. № 691/692 "Атырау – Ақтөбе", вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У). Жеңілдік: үстіңгі орындарға 20 пайыз.

Күн сайын қатынайтын пойыз:

  • № 11/12 "Алматы – Шымкент", вагон түрі: турист (2Д). Жеңілдік: купелік орындарға 25 пайыз.

Арзандатылған билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайты арқылы немесе вокзалдағы билет кассаларынан сатып алуға болады. Жолаушылар билеттерді пойыз жөнелтілерден 45 күннен 10 күнге дейін сатып ала алады. Бұл жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, тиімді бағада билет алуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда бірнеше бағыт бойынша пойыз билеттеріне 40 пайызға дейін жеңілдік жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.