Қызылордада "Келешек мектептері" жобасы аясында салынған алғашқы мектепте ашық есік күні өтті
Опубликовано:
Бүгін Қызылорда қаласының Сол жағалау мөлтек ауданында "Келешек мектептері" жобасы шеңберінде өңірде алғаш ашылған жалпы орта білім беру ұйымына ашық есік күні ұйымдастырылды. Ашық есік күніне 400-ден аса ата-ана мен оқушылар сонымен қатар, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
900 оқушыға арналған жаңа мектеп бүгінде цифрландыру, инклюзивтілік және кеңістікті көпфункционалды пайдалануға қойылатын барлық талапқа сай келетін заманауи үлгідегі білім ордасына айналған.
Мектеп 0 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейінгі барлық оқушыға толыққанды білім беруді қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда ғимарат жаңа жиһаздар, цифрлық құрылғылар мен интерактивті технологиялармен толық қамтамасыз етілген. Бұл оқу жылының алғашқы күндерінен-ақ сапалы білім беру процесін жолға қоюға мүмкіндік береді.
Білім ордасы инклюзивтілік пен жалпыға бірдей қолжетімділік қағидаттарына сай жобаланған. Ғимарат пандуспен, лифтпен, тактильді бағыттағыштармен, жарықтық белгілермен, сахнаға арналған арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Ашық есік күні барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ата-аналарға мектептің инфрақұрылымы атап айтқанда, цифрлық сауаттылық, информатика және робототехника кабинеттері, ағаш және металл өңдеу, тігін және аспаздық шеберханалары, бейнелеу өнері, графика және жобалау кабинеттері, STEM-зертханасы және оқушылардың барлық санатына қолайлы жағдай жасайтын сәулеттік және логистикалық шешімдер таныстырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2276508-qyzylordada-keleshek-mektepteri-zhobasy-aiasynda-salyngan-algashqy-mektepte-ashyq-esik-kuni-otti/