jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Air Astana жолаушыларға маңызды хабарландыру жариялады

Air Astana ұшағы
Air Astana ұшағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елорда әуежайында алдағы уақытта жөндеу жұмыстары басталады, ол Air Astana рейстерінің кестесіне әсер етеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе компаниясының мәліметінше, елорда әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 1 қыркүйектен 4 қыркүйекке дейін және 7 қыркүйектен 31 қазанға дейін Air Astana рейстерінің кестесі уақытша өзгереді.

"Өзгерістер Астанаға/Астанадан Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Өскемен, Франкфурт, Дубай, Сеул, Стамбұл, Анталья, Бейжің, Пхукет, Нячанг рейстеріне қатысты болады. Рейстері өзгерген жолаушылар алдын ала хабардар етілді. Түйісу рейстерінен айырылған жолаушыларға ұшудың балама нұсқалары ұсынылды", - делінген хабарламада.

Air Astana рейстің өзектілігін тәулік бойы жұмыс істейтін Брондау және ақпарат орталығында анықтауға болатынын еске салады.

Air Astana жолаушыларға маңызды хабарландыру жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.