jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

"Қазфосфат" ЖШС "Қаратау" АҚ қарыздарына қатысты ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды

"Қазфосфат" ЖШС баспасөз қызметі
Фото: "Қазфосфат" ЖШС баспасөз қызметі

Соңғы күндері бірқатар бұқаралық ақпарат құралында "Қаратау" АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері мен кәсіптік дертке шалдыққан жұмысшыларының өтемақы төлемдері бойынша талаптары "Қазфосфат" ЖШС-ға бағытталғаны жөнінде ақпарат таралды.

Осыған орай "Қазфосфат" ЖШС таралған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді және бұқаралық ақпарат құралдарын қоғамды адастыратын және компания абыройына нұқсан келтіретін жалған деректерді жариялаудан бас тартуға шақырады.

"Қазфосфат" компаниясы "Қаратау" АҚ-мен ешқандай байланысы жоқ. Онда қызмет еткен бұрынғы қызметкерлер мен кәсіптік ауруға шалдыққан азаматтар алдындағы міндеттемелерді көздейтін қандай да бір құжаттарға қол қойылмаған.

Сондықтан "Қазфосфат" компаниясы "Қаратау" АҚ қарыздары бойынша жауап бере алмайды. Бұл жайт бірнеше рет прокуратура және уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан ресми түрде түсіндірілген.

*PR құқығында

"Қазфосфат" ЖШС "Қаратау" АҚ қарыздарына қатысты ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.