jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік күшіне енді

Прокуратура қызметкері
Прокурор. Көрнекі фото: facebook.com/GenProkRK

Қазақстанда алғаш рет сталкинг үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік енгізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

2025 жылғы 16 шілдеде мемлекет басшысы Қылмыстық кодекске жаңа 115-1 – "Сталкинг" бабы енгізілген Заңға қол қойған еді.

Бас прокуратура мәліметінше, сталкинг – адаммен қарым-қатынас орнатуға және (немесе) оның еркіне қайшы келетін, зорлық-зомбылықпен ұштаспаған, елеулі зиян келтірген заңсыз қудалау.

Отандық заңнамада мұндай әрекеттер үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік алғаш рет көзделген.

Егер сталкинг зорлық-зомбылық, қорқыту, бопсалау, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзумен қатар жүрсе, іс-әрекеттер Қылмыстық кодекстің басқа баптары бойынша қосымша сараланады.

"Сталкинг бабы бойынша қылмыстық қудалау нақты зиян болған кезде басталатынын білу маңызды. Мысалы жеке өміріне қол сұғылмау, еркін жүріп-тұру құқықтарынаң шектеулері немесе психологиялық қысым көрсету.

Жауаптылықты енгізудің мақсаты – құрбандарды ерте кезеңде қорғау және зорлық-зомбылық пен агрессивті мінез-құлыққа мөлдем төзбеушілік қалыптастыру", - делінген хабарламада.

Бұл ретте прокуратура өкілі құқық қорғау органдарының өз құзыреті шегінде жүзеге асырылатын заңды әрекеттері сталкинг белгілеріне жатпайтынын атап өтті.

Сондай-ақ Бас прокуратура азаматтарды сталкингтің көріністеріне немқұрайлы қарамауға шақырады. Мұндай жағдай туындаған кезде дереу ішкі істер органдарына хабарласу қажет.

Қазақстанда сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік күшіне енді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.