jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда мектепке дайындық үшін 430 мыңнан аса балаға 46 мың теңгеден көмек берілді

Сабақ оқу құралдары
Сабақ оқу құралдары. Фото: pexels.com

Биыл Қазақстанда 430 мыңнан астам балаға мемлекеттен мектепке дайындық үшін 20 млрд теңге аударылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, "Жалпыға бірдей білім беру" қоры аясында мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін балалардың ата-аналары мен заңды өкілдердің есепшоттарына шамамен 20 млрд теңге аударылды. Қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтыды, бұл жалпы алушылар санының 87 пайызына жуық.

2025 жылы көмек 500 мыңнан астам балаға көрсетіледі. Оның ішінде – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, аз қамтамасыз етілген және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балалары, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар бар.

Бүгінде Астана мен Шымкент қалаларында қаражат толық көлемде аударылып, 100 пайыз отбасы көмек алды.

"Өңірлер ата-аналардың есепшоттарына қаражатты белсенді түрде аударып жатыр. Көмек алғандар сатып алынған тауарларды растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Төлемді алу үшін өтініш жазу жеткілікті", - деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

2025 жылы "Жалпыға бірдей білім беру" қоры бойынша жалпы қаржыландыру көлемі – 23,1 млрд теңге. Төлем мөлшері өңірлік бюджетке сәйкес, мәслихат шешімі негізінде белгіленеді және бір балаға кемінде 46 228 теңгеден төмен болмауға тиіс.

Айта кету керек, 2023 жылдан бері материалдық көмек көлемі 2,5 есеге өсіп, 17 мыңнан 46 мың теңгеге дейін артты.

Қазақстанда мектепке дайындық үшін 430 мыңнан аса балаға 46 мың теңгеден көмек берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.